Қазақстанның үздік ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі халықаралық энциклопедияға енгізілді / Сабитова Айнур Сабиткызы / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Сабитова Айнур Сабиткызы



Энциклопедия «Лучшие люди Казахстана» и "Одарённые дети - будущее Казахстана"

Блог Enciklopediya
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Қазақстанның үздік ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі халықаралық энциклопедияға енгізілді

«Будан» ауылшаруашылық кооперативінің ұжымы мен оның басшысы Еркін Шәкеев туралы мақала «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясының (http://bestpeople.name/ ) үшінші шығарылымында жарияланады. Кітапта Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Украинаның ардақтауға лайықты және құрметті азаматтарының табыстары мен жетістіктері туралы баяндалады.

Үш мерейтойлық жылды қатарынан атап өтуімен кез келген кәсіпорын мақтана алмайды. 2011 жылы Қазақстан Республикасындағы ең танымал таңдаулы тұқым өсіру шаруашылығы — «Будан» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызмет атқарғанына он жыл толды, 2012 жылы — компания ұжымы Еркін Көкенұлы Шәкеевтің фирманы басқарғанына он жыл болуын атап өтті, ал АӨК басқармасының төрағасы 2013 жылы өзінің 60 жылдық мерейтойына шақырылған достары мен туыстарының құттықтауларын қабылдайтын болады.



Е.К. Шәкеев — көп жылдық мол тәжірибесі бар білікті маман. Оның өмірбаянындағы атаулы кезеңдер: жоғары оқу орнын аяқтап, агроном мамандығын меңгеріп шығуы, КСРО Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызметін атқаруы, ВЛКСМ мен КПСС органдарында қызмет етуі, 90-шы жылдары — кәсіпкерлік қызметпен айналысуы. Жауапты қызметтің әрбір кезекті сатысы оның қажыр-қайратын қалыптастырып, жаңа білімді меңгеріп, шеберлігін шыңдауға ықпал етті: комсомол мен партия ұйымдастырушылық қабілетін дамытты, ал бизнес — жоспарлай білуге және алға қойылған мақсатына жете білуге дағдыландырды.

«Буданның» қызметкерлері республиканың әртүрлі агроэкологиялық аймақтарына арналған таңдаулы жүгері тұқымдарын өсіріп, таратумен айналысады. Сонымен қатар, таңдаулы тұқым түрлері көршілес елдерге де шығарылады. Фирма осы қызметпен айналысқан жылдар ішінде Мемлекеттік тізілімге 9 будан тұқым түрлері тіркелген, қазіргі кезде тағы бірнеше түрі сынақтан өткізілуде. Осының барлығы — «Земун Поле» атты сербиялық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе дайындалып, доктор Лазар Койич пен Айгозина Дилляраның қатысуымен жүргізілген «Астық шығымдылығы мен сапасының генетикалық әлеуеті жоғары жүгері будандарын шығару» атты ғылыми бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Бұл бағдарламаның нәтижелерін өндірісте жүзеге асырумен айналысатын тәжірибелі маман Тельман Тұрғанұлы Худайбердиев.


«Будан» шаруашылығының өкілдері өз республикамызда, алыс және жақын шетелдерде өткізілетін семинарлар мен көрмелерге тұрақты түрде қатысады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әртүрлі елдердің ғалымдары мен агрономдарының арасындағы қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу мүмкіндігі мол болған сайын, олардың жұмысының нәтижелері де жоғары болады, соған сәйкес, астық алқаптарынан алынатын егіннің шығымы да мол болады. Еркін Көкенұлы Шәкеевтің пікірінше, жаңа будан түрлерін шығару және тұқым шаруашылығын дамыту бүкіл адамзат үшін игілікті іс болып табылады.




Теги: AКҰ «Будан», Еркін Шәкеев, Үздік адамдар, Халықаралық энциклопедия.