«Айгөлек» ансамблінің көркемдік жетекшісі Райхан Қаланова «Үздік адамдар» энциклопедиясына енгізілді / Сабитова Айнур Сабиткызы / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












Сабитова Айнур Сабиткызы



Энциклопедия «Лучшие люди Казахстана» и "Одарённые дети - будущее Казахстана"

Блог Enciklopediya
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



«Айгөлек» ансамблінің көркемдік жетекшісі Райхан Қаланова «Үздік адамдар» энциклопедиясына енгізілді

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Шымкент қаласындағы «Айгөлек» балалар халық ансамблінің көркемдік жетекшісі және балетмейстері Райхан Қаланова «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясының «Даңқ галереясы» атты айдарына енгізілді.


Райхан Қаланова Қазақ мемлекеттік хореография училищесін бітірді. 1975 жылдан Шымкент облыстық оқушылар сарайында 1946 жылы құрылған «Айгөлек» балалар хореографиялық ансамблінің хореографы болып жұмыс істеді.
Райхан Мұртазақызының бүкіл ғұмыры осынау еліміздегі ең көне шығармашылық ұжымымен тығыз байланысты. «Айгөлек» халықаралық байқауларда, ТМД елдерінде, Италия, Франция, Германия, Турция, Венгрия, Чехия, Польша, Испания және басқа елдерде өткізілген балалар шығармашылығының фестивальдерінде ең беделді жүлделерге ие болды. Р.М. Қаланова ансамбльдегі 3 жас пен 17 жас аралығындағы 200-ден астам баланың бойында өз Отаны үшін мақтаныш пен патриоттық сезімін тәрбиелеуге баса назар аударады.

Райхан Мұртазақызының шығармашылығынан туындаған «Айгөлектің» орындауындағы 250-ден астам билер қазақтың ұлттық нақыштары мен халықтың салт-дәстүрлерін насихаттайды.
Анықтама:
«Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясы (http://bestpeople.name/) Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Украинаның табысты және құрметке ие болған тұлғаларын қамтиды. Бұл жылы энциклопедияның екінші шығарылымы жарық көрді. Басылымның барлық кейіпкерлері қоғамдық Сараптамалық Кеңесте бекітілген.


Теги: «Айгөлек» ансамблі, Райхан Қаланова