Қызылорда облысының №249 мектеп-лицейі «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілді
|
Мамыр айында «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясының кезекті шығарылымы жарық көреді. Басылым Беларусь, Ресей және Украина қатысатын «Үздік тұлғалар» жобасының шеңберінде шығарылады. Басылымның материалдары жобаға қатысушы елдердің құрметті азаматтары мен табысты ұйымдарына арналады.
2009 жылдың тамыз айында ашылғаннан бергі бірнеше жылдың ішінде №249 мектеп-лицей Қазақстандағы үздік білім беру мекемелерінің бірі ретінде танылып қана қоймай, халықаралық деңгейде де әйгілі болып үлгерді. Оның түлектері мен оқушыларының арасында Қазалы ауданы бойынша алғашқы «Алтын белгі» иегері, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының, республикалық пәндік олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, халықаралық гранттардың иегерлері бар. ҰБТ нәтижелері бойынша білім беру мекемесі бірнеше рет «Үздік 100 мектеп», «Үздік 10 мектеп» қатарында аталып, Қазақстан Республикасының 32 үздік мектебінің қатарына енді. Лицей тәрбиеленушілері АҚШ-та, Польшада, Жапонияда, Дубайда, Түркияда және Берлинде өткен халық шығармашылығы конкурстарында, «Классикалық музыканың кішкентай жұлдыздары» және «Ақ көгершін» халықаралық фестивальдерінде өз елінің жетістіктерін лайықты деңгейде танытып жүр.
№249 мектеп-лицейдің қол жеткен жетістіктерінің арқауы педагогтердің ақпараттық, әдіснамалық және коммуникативтік құзыреттілігінің жоғары деңгейі, сондай-ақ білім беру мекемесінің директоры Күләш Бердікенқызы Мергенбайдың ерекше таланты болып табылады, ол мекемеде жоғары нәтижелерге бірлесе қол жеткізуді мақсат еткен ұйымшыл мұғалімдер мен оқушылардың ұжымын қалыптастыра білді, тиімді оқу-тәрбие моделін құрып, ұжымда өзара сыйластық, шығармашылық ынталылық пен зияткерлік ізденіс ахуалын қалыптастыра білді. Ол М.В.Ломоносов атындағы ММУ он-лайн жүйесі бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәлік иегері болып табылады. Оның бастамасымен мектептің 302 оқушысы негізгі ғылымдар бойынша VII халықаралық пәндік олимпиадаға қатысып, 250 оқушы жүлдегер атанды; оның ішінде 3 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді иеленді.
Күләш Бердікенқызы жағдайы төмен және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан балалар үшін өз қаражатынан «Ұстаз мейірімі» стипендиясын тағайындаған, «Айналайын» күндізгі лагерін ашып, «Нұр» атты қайырымдылық дүкенін ашқан.
Күнделікті тынымсыз еңбектің арқасында мектеп-лицей ACCELS қоғамының, «Intel» корпорациясының, «ChevronTexaco» компаниясының гранттарын иеленіп, халықаралық олимпиаданың «Almamater» атағының иегері атанған, «Дети и лето», «Самая лучшая организация», «Таңдаулы мектеп», «Таза су», «Ең әдемі аула» республикалық конкурстарының жеңімпазы болып, «Бренд мектеп», «Нәтижелі мектеп», «Алтын ұя», «Сапалы білім мектебі», «Үздік ұжым», «Білімді мыңды жығар» номинацияларының иегері атанды.
Мектеп-лицейдің түлектері – республикамыздағы, алыс және жақын шетелдегі үздік жоғары оқу орындарының ең қалаулы талапкерлері мен білімгерлері.http://www.llk.kz
Мақаланың толық нұсқасы- http://www.llk.kz/content/42062/?letter=%D8
|
Теги:
Қызылорда облысының №249 мектеп-лицейі, «Қазақстанның үздік адамдары»
|
|