«Глобус» күзет ұйымы және Қазақстанның Күзет ұйымдары қауымдастығы «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілді. / Сабитова Айнур Сабиткызы / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












Сабитова Айнур Сабиткызы



Энциклопедия «Лучшие люди Казахстана» и "Одарённые дети - будущее Казахстана"

Блог Enciklopediya
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



«Глобус» күзет ұйымы және Қазақстанның Күзет ұйымдары қауымдастығы «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілді.


Мамыр айында «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясының кезекті шығарылымы жарық көреді. Басылым Беларусь, Ресей және Украина қатысатын «Үздік тұлғалар» жобасының шеңберінде шығарылады. Басылымның материалдары жобаға қатысушы елдердің құрметті азаматтары мен табысты ұйымдарына арналады.




«Глобус» күзет ұйымы – Қазақстандағы құрметке лайық ұйымдардың бірі. Ұйымды Болат Абдрахманұлы Баекенов басқарады. Сарань қаласының құрметті азаматы, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҚР Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері, Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетінің құрметті профессоры. «Құрмет» орденімен, КСРО-ның және Қазақстан Республикасының 22 медалімен, отандық және шетелдік ұйымдардың түрлі айрықша белгілерімен, оның ішінде «Достастық Жұлдызы» орденімен және «Ұлт парасаты» дипломымен марапатталған.




Ол жеке күзет мүдделерін қорғау үшін, мемлекеттік органдарға күзет қызметін көрсету үшін, басқа мемлекеттердегі әріптестермен өзара тиімді байланыстар орнату мақсатында жасақталған Күзет ұйымдары қауымдастығын 2002 жылдың қыркүйегінде құрылған күнінен бастап басқарып келеді. Қауымдастық Қазақстан Республикасы ІІМ жанында тіркелген және кәсіпкерлік қызметке қатысты барлық нормативті құқықтық актілердің жобасын сараптамалық бағалауға қатысады. Қауымдастық қызметкерлері парламент мәжілісінің жұмыс тобының құрамында елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға қатысады, үкіметте бекітілген ведомствоаралық сараптамалық жұмыс тобының мүшелері болып табылады.

Осындай жетістіктердің барлығына өз ісінің жоғары білікті маманы, барлық күш-қуатын Отанды қорғауға, елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арнаған тұлға Баекенов Болат Абдрахманұлы өзінің елеулі үлесін қосты. Болат Абдрахманұлының қызметтес жолдастары оның сенімді әріптестері мен көмекшілері болып табылады. Қауымдастық құрамына енетін күзет құрылымдары жетекшілерінің басым көпшілігі бұрын ІІМ, ҰҚК және Қарулы күштер органдары мен бөлімшелерін басқарған.

Мақаланың толық нұсқасы - http://www.llk.kz/content/42005


Теги: «Қазақстанның үздік адамдары»